Ярошенко Виктор Михайлович кандидатурасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылы 28 тамыздағы № 6 хаттамасымен талқыланды және ұсынылды.

Оқу – ағарту министрінің  «Еңбек ардагері»  төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады:

  1.  – «Кәсіптік білім беру үздігі» белгісі 1987 ж,
  2. – Өскемен қаласы әкімдігінің «Махамбет оқуларын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін» грамотасы 2004 ж,
  3. – Өзін-өзі тану «Адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасында Құзыретті тәсілді іске асыру» республикалық семинарын өткізуге белсенді қатысқаны үшін» білім департаментінің алғысы 2008 ж,
  4. – Облыстық әкімдіктің «Мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы мен әлеуметтік дамуындағы үлкен жұмысы үшін» Құрмет грамотасы

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауы

 

2023 жылдың мамырында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.

Байқауға қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.

Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.

Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай жоспарлануда.

 

Өндірістік тәжірибе

Бірінші және екінші курс студенттері арасында құқық бұзушылық туралы дәріс!

«Жер сілкінісі» кезінде өзін-өзі ұстау ережелері

Облыстық кәсіби біліктілік конкурсы

«Менің жол үстіндегі қауіпсіздігім» тақырыбындағы лекция

Ашық кіріктірілген сабақ «Тігінші мамандығы – өткені мен бүгіні»

«Тігін өндірісі және киім үлгілеу» біліктілігі бойынша ОЭБ студенттер арасындағы облыстық кәсіптік шеберлік байқауы

Өндірістік практика 2 ШО тобы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

DN 30

1-ші Президент күні

1-ші желтоқсан ЖИТС-мен күрес күні

С юбилеем, уважаемый начальник. Желаем Вам в свои 70 оставаться мудрым и решительным, весёлым и энергичным, целеустремлённым и осмотрительным, бодрым и настойчивым, красивым и добрым человеком, которого ждёт ещё много побед и счастливых праздников. Успехов и непрерывного потока перспектив в деятельности, крепкого здоровья и удачи в жизни

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Инклюзия без границ : практическая реальность» облыстық тәжірибелік семинар

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу үдерісіне қосу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция

Международная программа
Международная программа1
Международная программа2

1 курс студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс

Лекция1

Құқық қорғау органдарынын өкілдерімен онлайн кездесу

Өндірістік оқыту шебері тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктер жайлы сабақ берді

1
2
3
4

Вакцинация процессі қалай өтеді?

Жастардын психикалық саулығы!

2 алгоритм

«Террорлық акт қаупі туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі!» Атты онлайн семинар

 

Судағы қауіпсіздік ережелері

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

 

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

I.Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

-Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
-Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
-Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
-Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
-Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

II.Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық сулардашомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III.Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
-егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
-Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
-Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
-Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері

-Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
-Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
-Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

V.Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет

Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.
-Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
-Әлсін – әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
-Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

VI.Суық судың қауіптілігі

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтысболады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есін,

9 мамыр

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

2С (ұста) тобы өндірістік практика

7 мая

Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

1 мамыр

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының,  бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты. Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.

Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады. Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады. Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.

Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.

Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.

Төле би

22 ақпанда бірінші курстың студенттері арасында құқық бұзушылық туралы дәріс өтті!

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ қызметкерді аға прораб Плотников А. алғыс хатымен марапаттайды.

Тұтастық сағаты!

Жұмыс уақыты

Жұмыс күндері 8:00-17:00
Сенбі, жексенбі - демалыс күндері

Біздің мекенжайымыз:

ШҚО, Өскемен қаласы, Бажова көшесі, 14
8 (7232) 75-22-49
email: prof_shkola8@mail.ru